Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық екінші орта салмақтағы боксшы Бек Нұрмағанбет (13-0, 10 КО) шаршы алаңға қайта оралады, деп жазады Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Нұрмағанбеттің келесі жекпе-жегі 5 сәуірде АҚШ-тың Пенсильвания штатының Филадельфия қаласында өтеді деп жоспарланған. Қарсыластың есімі әлі жарияланған жоқ.

Бек Нұрмағанбет бұған дейінгі жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында Сан-Ясинтода (Калифорния, АҚШ) өткізіп, екінші раундта мексикалық Хоакин Мурьетта Лусионы (13-14, 11 КО) нокаутқа түсірген болатын.

Айта кетейік, Нұрмағанбет екінші орта салмақ дәрежесінде біртұтас әлем чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен бірнеше рет бір залда жаттығып, оған спарринг серіктес ретінде көмектескен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или