Сарапшылар Қазақстанның тобына баға берді

Сарапшылар Қазақстанның тобына баға берді

Football Meets Data аналитикалық порталы еуропалық құрамалардың 2026-жылғы әлем чемпионатының іріктеу тобында жеңіске жету мүмкіндіктерін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz 

Порталдың бағалауынша, Қазақстан құрамасының бірінші орын алу ықтималдығы 1%-ға тең деп көрсетілсе, екінші орынға ие болу мүмкіндігі 5% құраған. Сондай-ақ, Әли Әлиев командасының үшінші орын алу ықтималдығы 19%-ды көрсетілген болатын. Ал ұлттық команданың өз тобындағы ең ықтимал орны - төртінші саты екен. Аналитикалық порталдың көрсеткішіне сенсек Қазақстанның өз тобында төртінші орын алады дегенін 74% берілуде. Ал бесінші орын алу мүмкіндігі тек 1% деп бағаланған еді.  

Бұл болжамдар бойынша, топты Бельгия құрамасы жеңіп алады деп күтілуде, екінші орынды Уэльс алса, үздік үшткті Солтүстік Македония түйіндемек. Қазақстанға тек төртінші орын бұйырса, Лихтенштейн соңғы орында қалады.

Қазақстан құрамасы сырт алаңда Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңді. Ұлттық команда сапынан Максим Самородов пен Александр Марочкин мергендік танытқан болатын. Енді Әли Әлиевтің шәкірттері 9-маусымда өз алаңында Солтүстік Македонияны қабылдайды. Одан кейінгі кездесу қыркүйектің төртінде Уэльске қарсы өтпек. Бұл матч Қазақстанның алаңында болады. Әзірге ұлттық құрама екі турдан кейін 3 ұпаймен үшінші сатыға жайғасқан.     

Дереккөз: Aladop.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или