Қазақстандық гимнастар Грециядағы турнирде тоғыз алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнастар Грециядағы турнирде тоғыз алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Грецияда өткен Aphrodite Cup халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандастарымыз 9 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Ересектер арасындағы жарыста Эрика Жайлауова көпсайыста, таспамен жаттығуда бірінші орын алды. Ал доппен жаттығуда екінші нәтиже көрсетті. Милана Парфилова шығыршықпен жаттығуда теңдессіз өнер көрсетті. Айым Мейіржанова таспамен жаттығуда екінші, көпсайыста үшінші орын алды.

Топтық жаттығуларда Қазақстан құрамасы екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасында Ақмарал Ерекешева үш алтын (көпсайыс, доппен және таспамен жаттығу) және екі күміс (шығыршық және шоқпар таяқшаларымен жаттығу) медаль иеленді.

Рысбек Айғаным көпсайыста алтын медаль жеңіп алды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или