UFC рейтингінің жаңа көшбасшысы Рахмоновты жекпе-жекке шақырды

Америкалық спортшы Шон Брэди UFC жартылай орта салмақта көш бастап тұрған тұста, ирландиялық Йен Мачадо Гэрримен емес, қазақстандық Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізуді жөн көретінін мәлімдеді. Бұл туралы ол журналист Ариэль Хельваниге берген сұхбатында айтты.
«Мен бұл жекпе-жекке қарсы екенімді ашық айтқым келеді. Йеннің Белалмен айқаса алмағанына наразылық білдіріп жүргенін естідім. Бірақ ол соңғы жекпе-жегінде жеңіліс тапты. Жарыста екінші болғандар үшін марапат берілмейді. Осындай жағдайда Джектің таңдалуы – орынды шешім.
Йен рейтингте жетінші орында, ал соңғы рет Шавкаттан жеңілді. Ал мен соңғы үш қарсыласымды ұтып, жуырда ғана бұрынғы чемпионды мерзімінен бұрын тізе бүктірдім. Сондықтан менің күн тәртібімде Йен жоқ. Мені титулдық жекпе-жектің жеңімпазы немесе жеңілгенімен, не болмаса Шавкат Рахмоновпен болатын айқас көбірек қызықтырады», – деді Брэди.