Негізгі құрамда шыққан Дастан Сатпаев төмен баға алды

«Қайраттың» 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сатпаев Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі сапында алғашқы ойынын өткізді. Ол Лихтенштейнге қарсы матчта алаңға алғашқы минуттардан бастап шыққан еді.
Алайда Дастан бұл ойында өз ойынын толық көрсете алмады. 77-минутта ол алаңнан ауыстырылды. Flashscore.com статистикалық сайты жас шабуылшыға 6,6 балл қойған — бұл старттық құрамдағы үшінші ең төмен баға.
Айта кетейік, Сатпаев бірнеше күн бұрын Уэльске қарсы ойында (1:3) Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы кездесуін өткізген болатын. Сол ойында ол алаңға екінші таймда шығып, ұлттық құрама тарихындағы ең жас ойыншы атанған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или