«Астананың» ҚПЛ-дағы матчы кейінге шегерілді

Қазақстан футбол лигасы (QFL) «Астана» - «Жетісу» кездесуінің кейінге шегерілгенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz.
«Қазақстан футбол лигасы дирекциясының әкімшілігі «Астана» футбол клубының өтінішін қарап, «Жетісу» футбол клубының тиісті келісімін алып, Қазақстан чемпионатының 3-туры аясындағы «Астана» - «Жетісу» матчын 2025 жылдың 29 наурызынан 30 наурызына ауыстыру туралы шешім қабылдады», - деп жазды баспасөз қызметі.
Еске салайық, «Астана» ҚПЛ-2025 турнирін «Қайратпен» тең (1:1) бастап, одан кейін «Қызылжарды» (2:0) ұтқан болатын. Талдықорғандық клуб екі рет – «Қызылжармен» (1:1) және «Ұлытаумен» (0:0) тең ойнады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или