Роналду Данияға қарсы матч алдында мәлімдеме жасады

Роналду Данияға қарсы матч алдында мәлімдеме жасады


Португалия құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Криштиану Роналду денсаулығы жарағанша ұлттық команда сапында ойнай беретінін мәлімдеді.

— Мен Португалия жалауын соңғы демім қалғанша қорғауға дайынмын. Егер [Даниямен матчта] гол соқпасам да, команда жеңіске жетсе – мен бақытты боламын. Футбол — менің өмірім, — деді 40 жастағы форвард баспасөз мәслихатында.

Алдағы кездесуде Португалия құрамасы Лиссабондағы «Жозе Алваладе» стадионында Даниямен ойнайды. Бұған дейінгі матчта дат құрамасы Расмус Хойлундтың голының арқасында 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или