Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Мурсиядағы (Испания) Челленджер турнирінде ширек финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Евсеев ширек финалда ресейлік Иван Гаховпен (318-орын) кездесіп, одан үш сетте 6:1, 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 1 сағат 55 минутқа созылды.

Осылайша қазақстандық ойыншы турнирдегі өнерін ерте аяқтаса, қарсыласы жартылай финалға шығып, нидерландылық теннисші Йеспер Де Йонгқа (105-орын) қарсы шығады.

Мурсиядағы турнирдің жүлде қоры 91 250 еуро. Жеңімпаз 12 980 еуро жинап, 75 рейтингтік ұпайға ие болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или