TKO Boxing: жаңа промоушендегі жалақы мөлшері белгілі болды

TKO Boxing ұйымында төленетін гонорарлар жарияланды. Жаңа бокс промоушені Дана Уайт пен Турки Аль аш-Шейхтің бастамасымен құрылып, бокста әділ рейтингтер мен біріккен чемпиондық жүйені енгізуді мақсат етеді.
Боксшылар 3 жылдық келісімшартқа қол қояды, оған сәйкес әр бес ай сайын бір жекпе-жек өткізуге міндеттеледі. Сондай-ақ $5000 көлемінде бонус қарастырылған.
TKO Boxing-те жекпе-жекке төленетін гонорарлар:
- $20 000 – рейтингке кірмейтін қарсыласпен кездесу үшін.
- $50 000 – рейтингтің 5-10 орындарындағы қарсыласпен жекпе-жек үшін.
- $125 000 – 3 немесе 4-орын иесімен айқас үшін.
- $375 000 – титулдық жекпе-жек үшін.
- $750 000 – чемпиондық белбеуді қорғау үшін.
Дана Уайт промоушенге 150 боксшыны қабылдауды жоспарлап отыр. Көптеген болжамдарға сәйкес, ұйым супержұлдыздарға емес, жас таланттарға басымдық береді. Бұған дәлел – қазақстандық олимпиада чемпионы Данияр Елеусиновтың TKO Boxing-пен келісімшартқа отыруы. Ол бұл промоушенге қосылған алғашқы қазақстандық боксшы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или