Анкалаев пен Перейра арасындағы реванш қашан өтетіні белгілі болды

Ресейлік файтер, жартылай ауыр салмақтағы жаңа UFC чемпионы Магомед Анкалаев бразилиялық Алекс Перейраға қарсы титулдық реванш кездесуінің күнін алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
9 наурызда Анкалаев Перейраны төрешілер шешімімен жеңіп, чемпиондық белбеуді жеңіп алды.
«Мен реванш күнін алдым және оны қабылдадым. Қарсыласым да қабылдайды деп сенемін. Бұл жолғы жекпе-жек бес раундқа созылмайды – маған сағат бойынша ақша төленбейді», — деп жазды Анкалаев әлеуметтік желіде.
Магомед Анкалаев ММА бойынша 23 жекпе-жек өткізіп, оның 21-інде жеңіске жеткен. Алекс Перейра 15 жекпе-жек өткізіп, 12 жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или