Шорт-тректен әлем чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасы В финалында өнер көрсетті

Шорт-тректен әлем чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасы В финалында өнер көрсетті


Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан әлем чемпионатының В финалдық жарысында өнер көрсетті.

Бұл бағдарламада Қазақстан және Түркия құрамалары өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Түркия құрамасы бірінші орын, ал қазақстандықтар екінші орынды иеленді.

Медальдар А финалында сарапқа салынады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының сапында Денис Никиша 500 метр қашықтықта күміс жүлдегер атанған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или