«Адрия інжуі» турнирі: Қазақстандық боксшылар он медаль еншіледі

«Адрия інжуі» турнирі: Қазақстандық боксшылар он медаль еншіледі

Черногорияның Будва қаласында өткен бокстан «Адрия інжуі» турнирінде қазақстандық қыздар он медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жастар арасындағы әлем кубогы мәртебесіне ие болған жарыс барысында екі алтын, жеті күміс, бір қола медаль алды.

Ел құрамасынан Регина Тибенева (57 келі) мен Ақбота Есімбекова (66 келі) жеңімпаз тұғырына көтерілді.

Ал Рахмина Абдумежитова (52 келі), Ақнұр Тұрсынғали (57 келі), Алина Кұдайгенова (63 кг), Айсұлу Мұхит (66 келі), Мария Сидоренко (70 келі), Зарина Толыбай (75 келі) және Сабина Жақсылық (81келіден жоғары) күміс жүлдегер атанса, қола медаль Толғанай Қасымханға (60 келі) бұйырды.

Дереккөз: kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или