Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Kazakhstan Olympic Community жобасын іске қосты

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Kazakhstan Olympic Community жобасын іске қосты

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті спорт сүйер қауым, жанкүйерлер мен елдегі олимпиадалық қозғалыстың амбассадорлары үшін бірегей бағдарлама – Kazakhstan Olympic Community жобасының басталғанын жариялайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жоба – спортқа жақын болғысы келетін, олимпиадалық қозғалыс туралы көбірек білгісі келетін және спорттық іс-шараларға қатысқысы келетін белсенді адамдарды біріктіретін геймификацияланған бағдарлама.

Kazakhstan Olympic Community қатысушылары тапсырмаларды орындап, ұпай жинайды.

Бағдарлама үш негізгі бағытты қамтиды:

Теориялық бөлім – олимпиадалық қозғалысты зерттеу, сұрақ-жауап және сауалнамалар;

Белсенділік – жаттығулар мен жарыстарға қатысып, спортшылармен танысу және офлайн-кездесулер;

Сторителлинг – қатысушылардың әлеуметтік желілерде өз тәжірибесімен бөлісуі.

Әр апта сайын үздік қатысушылар анықталып, Coca Cola және Invictus Fitness серіктестіктерінен аралық жүлделер табысталады. Бағдарлама қорытындысы бойынша үздік үш қатысушы Invictus Fitness клубына 6 айлық абонементін ұтып алады.

Жоба аясында қатысушылар Қазақстан олимпиадалық құрамасының жұлдыздарымен танысып, спортшылардың өмірін сезініп, кәсіби атлеттермен жаттығып, эксклюзивті спорттық іс-шараларға қатыса алады.

Бағдарламаға 16 жастан асқан Қазақстан азаматтары қатыса алады. Алайда "Спорт шебері және спорт шеберлігіне үміткер" атағы бар спортшылар, Қазақстан ҰОК қызметкерлері, спорт федерациялары мен ұйымдарының өкілдері қатыса алмайды.

Kazakhstan Olympic Community – бұл еліміздегі үлкен спорттық қозғалыстың бір бөлігі болғысы келетін, олимпиадалық құндылықтарды қолдайтын адамдарды біріктіретін жаңа форматтағы бағдарлама.

Айта кетейік, бағдарламаның алғашқы кезеңі 8 аптаға созылады. Барлық қажетті ақпарат Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің әлеуметтік желілерінде қолжетімді.

Дереккөз: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или