Нысана көздеу: Қазақстан құрамасы Азия кубогында 14 медальмен көш бастап тұр

Нысана көздеу: Қазақстан құрамасы Азия кубогында 14 медальмен көш бастап тұр

Таиланд астанасы Бангкокта нысана көздеуден Азия кубогы жалғасып жатыр. 

Бір аптадағы жарыстан кейін Қазақстан құрамасы 5 алтын, 6 күміс, 3 қола медальмен 1-орынға шықты.

Алтын: 

Қазақстан ерлер құрамасы (Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский, Никита Шахторин) 10 метрден пневматикалық винтовка;

Қазақстан құрамасы (Константин Малиновский, Елизавета Безрукова) 10 м, пневматикалық винтовка;

Олег Носков (жасөспірімдер арасында) 10 метрден пневматикалық винтовка;

Кирилл Цуканов (жасөспірімдер арасында) 10 м, тапанша;

Қазақстан ерлер құрамасы (Рамазан Ынтықбай, Кирилл Цуканов, Кирилл Федькин) 10 м, тапанша;

Күміс: 

Ислам Сәтпаев, 10 м, пневматикалық винтовка; 

Валерий Рахымжан 10 м, тапанша;

Қазақстан әйелдер құрамасы (Валерия Попелова, Ирина Юнусметова, Ольга Аксенова)

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (Малика Сейіл, Кирилл Федькин) 10 м, тапанша;

Қазақстан әйелдер құрамасы (жасөспірімдер) Малика Сейіл, Сәуле Әлімбек, Кристина Устинова - 10 м, тапанша;

Қазақстан ерлер құрамасы (жасөспірімдер) Ринат Казаченко, Олег Носков, Дмитрий Ким, 10 м, тапанша;

Қола: 

Александра Ле, 10 м, пневматикалық винтовка;

Қазақстан жасөспірімдер командасы (Олег Носков, Анастасия Григорьева) 10 м, пневматикалық винтовка;

Кирилл Федькин (жасөспірімдер арасында) 10 м, тапанша;

Айта кетейік, биыл құрлықтағы 23 мемлекеттен 320-ға жуық спортшы бәсекеге жиналды. Азия Кубогы 22 ақпанда аяқталады. 2-орында 3 алтын медалі бар Сингапур келе жатыр.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или