Неймар «Сантос» сапындағы алғашқы голын соқты

Бразилия чемпионатының 11-ші турындағы «Сантос» пен «Агуа Санта» арасындағы ойын аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын Сантостағы «Вила Бельмиро» стадионында өтіп, алаң иелерінің 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды.
Жеңімпаз команданың голдарын Тачиано, Гильерме және жақында өз клубына оралған жұлдызды шабуылшы Неймар соқты. Матчтың 14-минутында бразилиялық пенальтиді голға айналдырды. Оған қоса, бір нәтижелі пастың авторы атанды.
Қонақтардың жалғыз голын Нетиньо соқты.
Еске салайық, Неймар жуырда Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» клубынан «Сантосқа» оралған болатын. Бұл оның командаға оралғаннан кейінгі алғашқы нәтижелі матчы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или