Даму кубогы: Қазақстан жастар құрамасы Иранды жеңді

Даму кубогы: Қазақстан жастар құрамасы Иранды жеңді

Футболдан Қазақстан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Беларусь астанасы Минск қаласында өтіп жатқан «Даму Кубогында» бірінші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бауыржан Сағындық шәкірттері Иранды 2:0 есебімен ұтты. 

Енді қазақстандық футболшылар 17 ақпанда Ресеймен кездессе, 19 ақпанда Әзербайжанмен жасыл алаңға шығады. 

Сондай-ақ аталған турнирде А тобында Беларусь, Өзбекстан, Әзербайжан құрамалары және BSA Academy командасы сынға түседі.

Халықаралық турнир 21 ақпанда мәресіне жетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или