Риоға баратын спортшылардың киім үлгісі 20 қаңтарға дейін қабылданады

Риоға баратын  спортшылардың киім үлгісі 20 қаңтарға дейін қабылданады

Рио Олимпиадасына қатысатын спортшылардың киімі Қазақстанда тігіледі, ал киім үлгісінің жобасы 20 қаңтарға дейін қабылданады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері айтты.

«Мемлекет басшысы Жолдауда елімізде Олимпиадаға баратын спортшыларға қажет киім-кешек тігетін кәсіпорындар көп екенін айтқан болатын. Осы ретте біздің таңдауымыз қазақстандық компанияларға түсіп отыр», - дейді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков.

Өз кезегінде спорттық резервтегі ұлттық штаттық командалар дирекциясының басшысы Қайыргелді Жанпейісов хабарлағандай, қазақстандық спортшылар киімінің соңғы үлгісі 2016 жылы қаңтардың жиырмасынан кейін белгілі болады.

«Жақында біздің спортшыларға парадқа киіп шығатын және спорттық киім тігетін кәсіпорын өкілдерімен кездестік. Киім үлгілерінің жобалары 20 қаңтарға дейін қабылданады. Осыдан кейін біз үздік киім үлгісін таңдайтын комиссия құрамыз», - деді ол.

Айта кетейік, 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы 27 спорт түрінен 100-ден астам жолдама ұтып алуды көздеп отыр.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или