«Барселона» тағы бір ойыншымен келісімшартын ұзартты

Каталондық клуб жас қорғаушы Пау Кубарсимен келісімшарт мерзімін ұзартпақ, деп жазады Фабрицио Романо.
Тараптар толық келісімге келген. Футболшы 18 жасқа толған соң, келісім ресми түрде бекітіледі. Жаңа келісімшарт 2030 жылдың маусымына дейін есептелген.
Бұған дейін «Барселона» Пабло Гави (2030), Рональд Араухо (2031), Жерар Мартин (2028) және Педри (2030) сияқты ойыншылармен келісімін ұзартқан болатын.
18 жастағы қорғаушы осы маусымда барлық турнирде 36 матч өткізіп, 3 нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или