«Реал» Чемпиондар лигасында рекорд жасады
![«Реал» Чемпиондар лигасында рекорд жасады](/387d9471c41d9cc7ae7ef37427443dc8_GTA584vbEPLJZhpDw3sAbbuTpyxzHqkb7pGaSaV8.jpg.webp)
Мадридтің «Реалы» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойында «Манчестер Ситиді» сырт алаңда 3:2 есебімен жеңіп, турнир тарихында жаңа белес бағындырды. Бұл туралы УЕФА-ның ресми сайты хабарлады.
«Корольдік клуб» Чемпиондар лигасы мен Еуропа чемпиондар кубогында 300 жеңіске жеткен алғашқы команда атанды. Бұған дейін ешбір ұжым бұл көрсеткішке қол жеткізбеген. Екінші орында 241 жеңіспен мюнхендік «Бавария» тұр, ал каталондық «Барселона» 209 жеңіспен үздік үштікті түйіндейді.
Қарымта матч 19 ақпанда Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 02:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или