"Сауд Арабиясында ештеңе ұтқан жоқ". Әл-Хиләл бапкері Роналду туралы ой білдірді

"Сауд Арабиясында ештеңе ұтқан жоқ". Әл-Хиләл бапкері Роналду туралы ой білдірді


«Әл-Хиләл» клубының бас бапкері Жоржи Жезуш Сауд Арабиясында өнер көрсетіп жүрген отандасы Криштиану Роналду жайлы ойын ортаға салды.

«Біз Португалияда бұрыннан жақсы араласамыз. Оны Сауд Арабиясынан гөрі Португалияда жиі кездестіретінмін. Ол – португал халқының мақтанышы.

Онымен жұмыс істеймін бе? Бұл мүмкін емес деп ойлаймын. Ол 40 жасында да үлгі боларлық спортшы. Ешқандай кемшілігі жоқ. Спорттық мансабында бәрін бағындырды, тек ұлттық құрамамен әлем чемпионатын жеңген жоқ және Сауд Арабиясында әзірге титулсыз жүр», – деді Жезуш Canal 11 арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Жоржи Жезуш Таяу Шығыстағы алғашқы маусымында-ақ Сауд Про-Лигасында чемпион атанып, ел кубогы мен Суперкубокты иеленді.

Ал Криштиану Роналду 2022/23 маусымынан бері «Әл-Наср» сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде португалиялық шабуылшы 90 матчта 82 гол соғып, 19 нәтижелі пас берді. Дегенмен, ол Эр-Рияд клубымен әлі ешқандай трофей жеңіп алған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или