Асу Алмабаев пен Дияр Нұрғожай келесі жекпе-жектеріне дайындалып жатыр

2024 жылдың наурыз айында екі қазақстандық UFC файтері келесі жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Асу Алмабаев (21-2) промоушендегі бесінші жекпе-жегін өткізеді, ал Дияр Нұрғожай (10-0) әлемдегі ең беделді аралас жекпе-жек ұйымында дебют жасайды.
Қазір екі Файтер де Саид Сапаровтың жетекшілігімен АҚШ-та Kill Cliff спорт залында жаттығып жатыр.
«Дайындық қызу жүріп жатыр, қазақстандық десанттық күштер орнында», - деп жазды маман Instagram парақшасында.
«@asu_zulfikar57 - 1 наурыз
@nurgozhay_diyar - 15 наурыз», - деп қосты ол.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или