«Елімай» сапына румыниялық футболшы қосылды

«Елімай» сапына румыниялық футболшы қосылды

«Ботошани» командасының жартылай қорғаушысы Эдуард Флореску «Елімайдың» ойыншысына айналды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Румыниялық клуб 27 жастағы футболшының Қазақстан құрамасына ауысқаны туралы ресми сайтында хабарлады. Transfermarkt.de сайтының мәліметінше, бұл трансфер клубқа 150 мың еуроға түскен.

Эдуард Флореску «Ботошани» сапында 2023 жылдан бері ойнап келеді. Осы маусымда ол 22 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. «Елімай» Эдуардтың шетелдегі алғашқы тәжірибесі болмақ. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или