«Ливерпуль» Лига кубогының финалына шықты

«Ливерпуль» Лига кубогының финалына шықты

«Ливерпуль» Англия лига кубогының жартылай финалдық қарымта кездесуінде өз алаңында «Тоттенхэмді» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 4:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Голдарды Коди Гакпо (34-минут), Мохамед Салах (51-ші, пенальти), Доминик Собослаи (75-ші) және Вирджил ван Дейк (80-ші) соқты.

Финалда «Ливерпуль» «Арсеналды» жеңген «Ньюкаслмен» кездеседі (жалпы есеп 4:0). Ағылшын Лига кубогының финалы 16 наурызда өтеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или