Қазақстандық теннисші Аргентинадағы турнирде сәтсіз өнер көрсетті

Қазақстандық теннисші Аргентинадағы турнирде сәтсіз өнер көрсетті

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Аргентинаның Росарио қаласында өтіп жатқан турнирде сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Попко аргентиналық Андреа Колларинимен кездесіп, 1:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Матч 1 сағат 28 минутқа созылды.

Осылайша, Дмитрий турнирдегі өнерін ерте аяқтады. Ал Колларини екінші айналымда италиялық Франческо Пассаромен кездеседі.

Росариодағы «Челленджер» турнирінің жүлде қоры 200 000 долларды құрайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или