«Астана» баскетбол клубының бюджеті жарияланды

«Астана» баскетбол клубының бюджеті жарияланды

«Астана» баскетбол клубының бас менеджері Самсон Аракелян Sport+ телеарнасы Prime Time бағдарламасының эфирінде клубтың бюджеті, сондай-ақ бұқаралық баскетбол туралы айтты.

«Клуб бюджетінің сомасы 1 млрд. 400 миллион емес 2 миллиард теңге. Осы соманың 300 миллион теңгеден астамы біз өзіміз табамыз. Мен бұқаралық спорттың маңызды, оның ішінде ол олимпиадалық жеңістердің негізі екендігімен келісемін. Нәтиже беретін барлық елдерде бұқаралық спорт — ол мектеп спортына, инфрақұрылымына және бапкерлеріне негізделген. Бұл біз қазір тап болған үлкен мәселе. Мен үшін бұл маусым клубта үшінші, жалпы мені жас спортшыларымыздың дайындығын өзгертуге шақырды», — деді менеджер. 

Бұл ретте Самсон «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасында ең аз бюджеті бар команда екенін атап өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или