Стенд атудан Қазақстан құрамасы Кувейтте жаттығады

Стенд атудан Қазақстан құрамасы Кувейтте жаттығады

Кувейттің Эль-Кувейт қаласында Қазақстан құрамасының стенд атудан оқу-жаттығу жиыны басталды.

Бұл жиынға ұлттық құраманың 42 спортшысы қатысуда.

Спортшылар техникалық қателіктерді жою мақсатында заманауи әдістемелер мен жабдықтарды қолдана отырып жұмыс істейді, бұл олардың шеберліктерін арттыруға көмектеседі. Жас атушыларға ерекше назар аударылып, оларға болашақта дамуға жағдай жасалуда. Бағдарламаға жарыс жағдайына жақын оқу-жаттығулар да кіріп, күйзеліске төзімділікті нығайтуға ықпал етеді.

Оған қоса, спортшылар күш пен төзімділікті дамытуға бағытталған физикалық дайындықтан, сондай-ақ пайдалы витаминдер, массаж, медитация және моншаға бару сынды оңалту шараларынан өтеді.

Оқу-жаттығу жиыны 13 ақпанға дейін жалғасады.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или