Flashscore.com «Фенербахчеге» қарсы матчта Айымбетовке қандай баға берді?

Flashscore.com «Фенербахчеге» қарсы матчта Айымбетовке қандай баға берді?

Flashscore.com статистикалық сайты Түркия чемпионатының 20-шы турында «Фенербахчеге» қарсы өткен ойында (0:4) «Адананың Демирспордың» қазақстандық шабуылшысы Абат Айымбетовтың ойынына баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айымбетов 46-минутта алаңға шығып, 5,4 ұпай алды. Бұл матчтағы барлық ойыншылар арасындағы екінші ең нашар рейтинг. Тек, алаңнан екінші тайм ортасында қуылып кеткен шабуылшы Юсуф Барасиге ғана 4,9 ұпай берілді.

Абат Айымбетов биылғы маусымда «Адана Демирспор» сапында барлығы 15 кездесу өткізіп, 3 гол соқты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или