Арман Царукянның жарақатынан қашан жазылатыны белгілі болды
ММА файтері Арман Царукянның бел жарақатының жазылуына бірнеше айлар кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін UFC президенті Дана Уайт Царукянның келесі жекпе-жегі титулдық жекпе-жек болмайтынын айтқан болатын.
«Арманның жарақатынан айығуы бірнеше айға созылуы мүмкін», - деді ТАСС агенттігіне спортшының командасы.
Жеңіл салмақта UFC чемпионы атағы үшін, ресейлік Ислам Махачевке қарсы жекпе-жекте бразилиялық Ренато Моикано Царукянның орнын басты. Махачев бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіске жетіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или