Ислам Махачев Шавкат Рахмоновтың салмағында чемпион бола ала ма

Ислам Махачев Шавкат Рахмоновтың салмағында чемпион бола ала ма

Жартылай орта салмақтағы ACA чемпионы Альберт Туменов жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачевтің жартылай орта салмаққа ауысу мүмкіндігі жайлы айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Махачевке жартылай орта салмақта өнер көрсету оңай болмайды. Ондағы жігіттердің дене тұрқы мен күші басқаша. Жеті килограмның рөл ойнайтыны анық. Белал Мухаммед, Шавкат Рахмонов – мықты жігіттер. Бұл оңай болмайды, бірақ осылай тарихта қалуға ниеті болса, бұл жанкүйерлерді қызықтыратыны анық. Исламда мүмкіндік бар. Белал Махачевке ыңғайлырақ қарсылас болып көрінеді. Бірақ бұл туралы айтуға әлі ерте, ол үшін Исламның салақ ауыстырғанын күту керек. Махачевті P4P-дің №1 файтері деп бекер айтпаған шығар», - деді Туменов MMA.Metaratings.ru сайтына.

Айта кетейік, UFC 311 турнирінің басты жекпе-жегінде ұйым чемпионы Ислам Махачев бірінші раундта қарсыласы Ренато Моиканоны жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или