Ғалымжан Кенжебек Словакиядағы алғашқы матчын өткізді

Ғалымжан Кенжебек Словакиядағы алғашқы матчын өткізді

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек словакиялық «Кошице» сапында алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кенжебек  Словакия чемпионатының екінші дивизионында өнер көрсететін «Стара Любовна» клубына қарсы өткен жолдастық кездесудің 46-шы минутында қосалқы құрамнан алаңға шықты. Матч 6:2 есебімен Кошиценің ірі жеңісімен аяқталды.

Еске салайық, өткен жылы Ғалымжан Кенжебек кипрлік «Акритас Хлоракас» сапында өнер көрсеткен болатын. 21 жастағы қазақстандық өз командасында 14 матч өткізіп, бес гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

«Кошице» Словакия чемпионатының турнирлік кестесінде жетінші орында тұр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или