Елена Рыбакина WTA рейтингінде төмен құлады
Қазақстандық теннисші, еліміздің бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингінде бір позициясын жоғалтты, деп жазады Prosports.kz.
Жеке рейтингтің жаңартылған нұсқасында Рыбакина алтыншы орыннан жетінші орынға төмендеді. Оның бұрынғы орнын Аделаидадағы (Австралия) турнирдің финалына шыққан америкалық Джессика Пегула иеленді.
Үздік үштікте бұрынғысынша Арина Соболенко (Беларусь), Ига Швёнтек (Польша) және Кори Гауфф (АҚШ) қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или