«Барыс» ресейлік «Ак Барсқа» есе жіберді
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 11 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізді.
Тоғыз ойын қатарынан жеңілген елордалық команда әрбір кездесуде жеңіске жету жолын іздеп келеді. Дегенмен қарсыластарына есе жіберіп, турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алды.
Бүгінгі ойында екі команда тартысты ойын өткізді. Соған қарамастан бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.
Екінші кезеңде «Барыс» сапынан Иван Николишин 20-минутта есеп ашса, Кирилл Савицкий 32-минутта басымдықты арттырды.
Одан кейін ресейлік клубтан Александр Барабанов 34, Артемий Князев 36-минутта екі гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті.
Ал Михаил Рахманов 36-минутта қайтадан «Барысты» алға шығарса, Әлихан Әсетов 58-минутта мергендік танытты.
Келесі кезекте «Ак Барс» сапынан Дмитрий Яшкин, Ник Петан екі шайба соғып кетті.
Осылайша негізгі кезең 4:4 есебімен аяқталып, ойын овертаймға ұласты.
Овертаймда ресейлік клуб сапынан Никита Лямкин жеңіс шайбасын соғып кетті. Нәтижесінде «Барыс» қарсыласына 4:5 есебімен жеңіліп қалды.