Данияр Елеусінов өзіне лайықты қарсылас таппай жүргенін айтты

Данияр Елеусінов өзіне лайықты қарсылас таппай жүргенін айтты

Данияр Елеусінов өзіне лайықты қарсылас таппай жүргенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов өзіне әлі де лайықты қарсылас табылмағанын айтты. Айта кетейік, боксшы 28 ақпанда Астанада өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді.

«Қарсыласым әлі белгісіз. Бірнеше боксшы жекпе-жектен бас тартты — не Қазақстанға келгісі жоқ, не басқа себептері бар. Негізі, бұл тартысты әрі халыққа қызықты болатын кездесулер еді, бірақ олар келіспеді. Енді қарсыластың келіскенін күтеміз. Биыл үш жекпе-жек өткізгім келеді», – деді Елеусінов Sportnews.kz тілшісіне берген пікірінде.

Айта кетейік, Елеусінов кәсіби бокстағы соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың 28 қыркүйегінде өткізген болатын. Ол кезде отандасымыз филиппиндік Джо Нойнайды (23-5-2, 11 КО) бесінші раундта нокаутпен жеңген еді. Осы жеңістен кейін Данияр BoxRec рейтингінде ТОП-15 қатарына қосылды және WBC Peace белбеуін иеленді.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или