«Интер» - «Милан». Италия Суперкубогы. Болжам, статистика
Қаңтардың 6-нан 7-іне қараған түні Сауд Арабия астанасы Эр-Рияд шаһарында Италия Суперкубогының матчы басталады. Ел чемпионы «Интер» Италиядағы басты қарсыласы «Миланмен» кездеседі, деп жазады Prosports.kz.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
Жартылай финалда «Интер» чемпионатта үздік үштік қатарында жүрген «Аталантаны» жеңді. Италия футболының маэстросы Джан Пьеро Гасперинидің командасы миландықтардан еш мүмкіндіксіз ұтылды.
«Миланның» жөні бөлек. Ішкі кикілжіңнен, топ-футболшыларының сүреңсіз ойынынан, бас бапкердің көпшілікке түсініксіз шешімдерінен шаршаған тарихы бай клуб осы маусымда ортаңқол командаға айналып кетті. Басшылық бас бапкерді алмастырды. Пауло Фонсеканың орнын соңғы үш жылда «Портуды» баптаған Сержиу Консейсау шақырды. Жаңа бас бапкердің жетекшілігімен команда сенсация жасады. Италия чемпионатында жеңілмеген жалғыз команда «Ювентусті» Суперкубоксыз қалдырды. Матч барысында 1:0 ұтылып жатып, камбэк жасады.
«Интер» соңғы жылдарда Италия футболында алып күшке айналды. Симоне Индзаги шәкірттері былтыр чемпион атанды. Алдыңғы жылы Чемпиондар лигасының финалына дейін жетті. Бұл матчта фаворит айқын, «Интер» кубокты аса бір қатты қиындықсыз еншілейтіндей көрінеді. Дегенмен, біріншіден, бұл - дерби. «Милан» қандай күйде жүрсе де «Интер» дегенде айғыр секілді жер тебініп тұратыны бар. Қарапайым ғана дерек: осы маусымда Италия А сериясында Индгази баптайын команда бір мәрте ғана жеңілді. Қай командадан дейсіз ғой? Дәл таптыңыз, «Миланнан»! Екіншіден, команда жаңа бапкер келгенде уақытша болса да, түрленіп сала беретіні бар. Қалай түрленгенін «Милан» «Ювентуске» қарсы ойында көрсетті. Сондықтан, чемпионаттағы кестеге қарап, «Миланды» қатардан сызуға болмас.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі «Интердің» жеңісін 1,84 коэффициентке бағалап отыр. «Миланға» сенбейтінін байқаймыз. Бұл командаға 4.50 коэффициент берген. Негізгі уақыттың тең аяқталуы - 3.54 кэфф.
«Интердің» шабуылы сұрапыл. Чемпионаттағы ең нәтижелі команда. Мықтылардың бәрі қатарда. Букмекер команданың жеңісін жоғары бағаласа да, екі гол соғатынына сенбей отырғандай көрінеді. Себебі, «Интердің» тоталы 1,5-тен көп деген нәтижеге 1.90 коэффициент ұсынған.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.