Елена Рыбакина жүргізуші куәлігін алғаннан кейін қандай көлік жүргізетінін айтты

Елена Рыбакина жүргізуші куәлігін алғаннан кейін қандай көлік жүргізетінін айтты

Қазақстандық теннисші, әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина жүргізуші куәлігін алғаннан кейін Porsche Cayenne көлігін айдап жүргенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен шынымен бақыттымын. Көлікпен бірнеше сапардан ләззат алдым», — деді Рыбакина баспасөз мәслихатында.

«Одан сұраңыздаршы, алғаш рет қандай көлік жүргізді?» — деп қосты Қазақстан құрамасындағы серіктесі Александр Шевченко.

«Бұл Porsche Cayenne болды. Иә, өте керемет болды», — деп жауап берді Рыбакина.

2024 жылы Елена Рыбакина WTA деңгейінде үш титул жеңіп алды (Брисбен, Абу-Даби, Штутгарт, барлығы — WTA-500 санатында), тағы екі рет финалдық матчтарда өнер көрсетті. Рыбакинаның «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі ең үздік нәтижесі — Уимблдонның жартылай финалына шығуы. Ол сол кезде чехиялық Барбора Крейчиковаға есе жіберген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или