Әлімханұлы Биволмен сурет жариялап, маңызды мәлімдеме жасады
Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) ресейлік боксшы Дмитрий Биволмен (23-1, 12 КО) сурет жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Олар Эр-Риядта The Ring журналының іс-шарасында жолыққан.
«Америкаға алғаш барғанда орта салмақта жұдырықтасамын десем, дәусің деп ешкім сенбеген. Сенбейтіндей-ақ бар екен ғой иә? Сол орта салмақтың әлем чемпионы боламын десем, ұят болмасын деп сәттілік дейтін. Алла қалап, екі тұжырымда әлем чемпионы болдым. Ағайын, бұйыртса төрт салмақта әлем чемпионы боламын! Биволмен түскен мына суреттегі ірі Жәнібекті көріп төрт салмаққа көтеріле алатыныма ешкімде күмән жоқ-ау. Төрт салмақтың да чемпионы болатыныма да күмәнданбаңыздар! Құдай қаласа ол күн де келеді!», - деп жазды Әлімханұлы.