Асу Алмабаев октагонға оралатын уақыт белгілі болды
Асу Алмабаев октагонға оралатын уақыт белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz
Жеңілірек салмақта бақ сынайтын қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев 1 наурыз күні жекпе-жекке шығады.
Турнир UFC Apex кешенінде (көрермендер саны шектеулі алаң) өтеді. Қарсыласы үздік ондықтағы спортшылардың бірі болады.
Айта кетейік, Асу бұған дейін UFC-де 4 жекпе-жек өткізіп үлгерді. UFC-дегі дебютін 2023 жылдың тамызында Одди Осборнды сабмишн әдісімен жеңумен бастаған болатын. 2024 жылы ол бірінен соң бірі СиДжей Вергараны, Хосе Джонсонды және Матеус Николауды шешіммен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или