Шавкат Рахмоновтың жекпе-жектен кейін қанша тапқаны белгілі болды
 
                  Шавкат Рахмоновтың жекпе-жектен кейін қанша тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz
Mma.metaratings ақпараты бойынша, Шавкат Рахмонов жекпе-жекке шыққаны үшін 300 мың АҚШ долларын иемденеді. Жеңіске жеткені үшін тағы 100 мың доллар еншіледі. Сондай-ақ PPV сатылымдарынан 750 мың, демеушілерден 5 мың доллар алады.
Алайда турнирде үздік өнер көрсеткен спортшыларға берілетін гонорардан тыс қалды.
Ал Иэн Гэрри жекпе-жекке шыққаны үшін 350 мың доллар сыйақы алады. PPV сатылымдарынан 700 мың, демеушілерден 6 мың доллар беру қарастырылған.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов Иэн Гэрриді жеңгеннен кейін жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мұхаммадты жекпе-жекке шақырды.
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или