Әмір Омарханов Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шықты

Әмір Омарханов Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы, жасөспірімдердің әлемдік рейтингісінде 19-орында тұрған Әмір Омарханов бірінші санаттағы Мерида (Мексика) ITF Juniors J500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ширек финалда жасөспірімдер арасында әлемнің 49-ракеткасы, америкалық Бенджамин Вилаерттің мысын басты.

Екі сет те 6:3, 6:3 есебімен Әмірдің пайдасына шешілді.

Әмір Омарханов финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 28-ракеткасы, франциялық Томас Фурелмен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлемнің экс 1-ракеткасы допинг дауына іліккенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Мысырдағы жарыстың жартылай финалына өтті.

Сандуғаш Кенжебаева чехиялық Ивана Себестовамен бірге Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF W15 турнирінің жартылай финалында тартысты матчта нидерландылықтар Лус Эбелинг Конинг – Сара Ван Эмстке жол берді – 6:1, 5:7, 7:10.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или