«Барыстың» бұрынғы хоккейшісі ресейлік клубпен келісімшартқа отырды
Шабуылшы Владислав Кодола (1996 ж.) «Нефтехимикпен» сынақ келісіміне қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Биылғы маусымда Кодола «Барыс» сапында 12 матчта ойнады және бірде-бір шайба соқпады, 6 пенальти мен пайдалылық рейтингі -4 болды.
Айта кетейік, Кодола өткен маусымда Минск «Динамосынан» «Барысқа» қорғаушы Кристиан Хенкельге ауысқан болатын.
Хоккейші Минск «Динамосы» мен «Барыс» клубтарынан бөлек «Северсталь» сапында да өнер көрсеткен. Жалпы ойыншы ҚХЛ-да 352 ойын өткізіп, 130 (46+84) ұпай жинады.
Кодола Беларусь құрамасына шақырылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или