Меруерт Кәукеева мен Юлия Игнатченко WTA 250 турнирінің финалында төрелік етті
Қазақстандық теннис төрешілері жаңа бір белесті бағындырды, деп хабарлайды Prosports.kz
Меруерт Кәукеева мен Юлия Игнатченко биылғы жылы WTA 250 турнирінің финалында жұмыс жасаған алғашқы қазақстандық төрешілер болды.
Юлия Гонконгтағы WTA 250 турнирінің Диана Шнайдер мен Кэти Болтер арасындағы финалдық ойынға, ал Меруерт Кәукеева Қытайдағы Виктория Голубич пен Ребекка Шрамкова арасындағы WTA 250 турнирінің шешуші кездесуіне төрелік етті.
2009 жылы Қазақстан теннис федерациясы өзінің төрешілер мектебін белсенді түрде дамыта бастады. Осы уақыт ішінде «күміс» төсбелгісі бар халықаралық төрешілер командасына екі төреші бекітілді: Юлия Игнатченко (2022 жылдың қарашасында алған) және Меруерт Кәукеева. Тағы бір төреші Владлена Саменкова 2024 жылдың ақпанында «Қола» төсбелгісі санатын алды.