«Барыстың» бұрынғы қақпашысы мансабын Италияда жалғастырды
ҚХЛ-да «Барыс», «Локомотив» және «Металлург» сапындағы өнерімен танылған канадалық қақпашы Эдди Паскуале мансабын италиялық клубта жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
33 жастағы канадалық Австрия ашық чемпионатында ICE хоккей лигасында ойнайтын «Пустерталемен» бір жылдық келісімге қол қойды.
Паскуалье ҚХЛ-да 2019 жылдан бері өнер көрсетіп келеді, өткен маусымда «Барыс» сапында 36 ойын өткізді. 2020/21 маусымында Ярославльдік «Локомотив» құрамында лигадағы үздік қақпашы деп танылды, ал 2022 жылғы Олимпиадада канадалық өз ұлттық құрамасында екі матч өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или