Ресми: «Манчестер Юнайтед» жаңа бапкер тағайындады
Ресми: Рубен Аморим «Манчестер Юнайтед» бас бапкері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz
Қос тарап тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар 2027 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. «Манчестер Юнайтед» 39 жастағы маман үшін «Спортингке» 11 млн еуро төледі.
Португалиялық маман қараша айындағы халықаралық үзіліске дейін «Спортингте» қалатын болды. «Манчестер Юнайтедтегі» жұмысын қараша айындағы халықаралық үзіліс кезінде бастайды. Ал «қызыл сойқандар» тізгініндегі алғашқы матчын 24 қараша күні «Ипсвич Таунға» қарсы өткізеді.
Оған дейін «Манчестер Юнайтедті» «Челси», ПАОК және «Лестермен» болатын матчтарға Руд ван Нистелрой дайындайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или