«Тобыл» - «Астана» матчының бас қазысы төрелік етуден бас тартты
Оралдық төреші Денис Тевяшов ҚПЛ-ның 25-туры аясындағы «Тобыл» мен «Астана» арасындағы орталық матчқа төрелік етуден бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Арбитрдің айтуынша, оған үшінші тұлғалар тарапынан қысым жасалып отыр. Жақын арада Төрелік және инспекция департаменті оны ауыстыру мүмкіндігіне қатысты шешім қабылдайды.
«Тобыл Аренада» өтетін кездесу 3 қараша күні сағат 18:00-де басталады.
«Тобыл» мен «Астананың» ҚПЛ-дың ағымдағы маусымында екі ойыны қалды.
Бұған дейін ҚФФ төрелік департаментінің директоры қызметінен Александр Перемитин кеткен болатын, оның орнына уақытша Елеш Құсайынов тағайындалды.
17-турдың кейінге шегерілген «Атырауға» қарсы ойынынан кейін (3:2) елордалықтар чемпионатта көш басына шықты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или