Шавкат Рахмонов алдағы жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC титулының жекпе-жегін алғаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sport24-ке сілтеме жасап.
8 желтоқсанда Рахмонов Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 310 турнирінде америкалық Белал Мухаммадқа қарсы чемпиондық жекпе-жегін өткізеді.
«Әрине, өте қуаныштымын. Өйткені Қазақстанның атынан шығу мен үшін мәртебе. Барлық жанкүйерлер күтуде, бүкіл Қазақстан UFC титулын күтіп отыр. Мен титулға жеттім, бір қадам қалды, жекпе-жекте жеңіп, чемпион болуым керек. Қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Жанкүйерлер мен командамды қуантқым келеді. (...) Шайқаста қайсымыз мықты екені белгілі болады. Бірақ мен титулды алғым келеді», - деді Рахмонов NAIZA TV арнасына берген сұхбатында.
Шавкат Рахмонов ММА бойынша 18 жекпе-жек өткізіп, 18-інде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Белал Мухаммад 27 жекпе-жекте 24 жеңіске жеткен.
Шавкат Рахмонов АҚШ-та жаттығу жұмыстарын бастап кетті.