Қырғыз файтері OCTAGON лигасының жаңа чемпионы атанды

Қырғыз файтері OCTAGON лигасының жаңа чемпионы атанды

Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 63 турнирінде кештің басты кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әзербайжандық Анар Азизли (9-1) мен қырғызстандық Руслан Касымалы уулу (8-0) жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеуді сарапқа салды.

Жекпе-жек басталған бойда қырғыз файтері жойқын соққы жасады. Азизли кездесуді партерге ауыстырғысы келген, Қасымалы уулу мүмкіндік бермеді. Руслан тағы бірнеше соққы жасап, рефери кездесуді тоқтатты. Осылайша, аса жеңіл салмақта OCTAGON лигасының чемпиондық титулы Руслан Касымалы уулуға өтті.

6 қазанда Алматыда OCTAGON 64 турнирі өтеді, онда Камиль Карате Одилхон Камоловпен кездеседі, ал Ислам Балтаев (5-2) Бауыржан Қуанышбаевқа (17-6) қарсы жекпе-жекте орта салмақтағы чемпиондық титулды қорғайды.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 63 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или