Әмір Маймұратов: Елдос Сметовтің жеңісі маған рух сыйлады
Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан командасының үздігі Әмір Маймұратов Париж Олимпиадасында өзінің қалай жігерленгенін айтты, деп жазады Olympic.kz.
«Париж Олимпиадасындағы Елдос Сметовтің жеңісі маған үлкен рух сыйлады. Олимпиаданың алғашқы күнінде Қазақстан әнұранын шырқатып, барша жанкүйерді қуантып тастады.
Бұл жеңіс маған да рух берді. Өзім де осы бағыттан таймай, елімізге алтын сыйласам деген арман болды.
Өкінішке қарай, медальға қол жетпеді. Бірақ осы арманыма жету үшін қолымнан келгенін аянбаймын», - деді Маймұратов.
Айта кетелік, Париж Олимпиадасында Әмір Маймұратов алғашқы бестікке енген болатын.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или