Ұлттық лиганың үшінші ойын күніндегі нәтижелер

9 қарашада Таразда волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты жалпы турының үшінші ойын күніндегі матчтары өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл турда «Алматы» мен өскемендік «Алтай» жеңіліссіз келеді. Алматылықтар хромтаулық «ТНК-Қазхромды» үш партияда жеңсе, шығысқазақстандықтар «Атырауда» төрт партияда қапы қалдырды. Күтпеген жерден «Павлодар» жеңіліп қалды, олар петропавлдық «Есіл-СК» командасынан 1:3 есебімен ұтылды. Еліміздің қазіргі чемпиондары әрі турнир қожайындары «Тараз» алғашқы жеңісіне қол жеткізді, тараздықтар шымкенттік «Динамо-Қазығұрттан» басым түсті.

Үшінші ойын күніндегі нәтижелер:

«Атырау» – «Алтай» 1:3 (26:24, 22:25, 19:25, 20:25)

«Есіл-СК» – «Павлодар» 3:1 (15:25, 27:25, 25:23, 25:18)

«ТНК «Қазхром» – «Алматы» 0:3 (26:28, 17:25, 29:31)

«Динамо-Казығұрт» – «Тараз» 0:3 (16:25, 19:25, 21:25)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или