Танымал промоушен ресми түрде чемпиондық жекпе-жекке сақтандырушы тағайындады
![Танымал промоушен ресми түрде чемпиондық жекпе-жекке сақтандырушы тағайындады](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/472_de9b685db9c7bb7fd013d802f09d939f.webp?v=28667074)
Еуразиялық жекпе-жек лигасы 23 маусымда Алматыда өтетін OCTAGON 59 турнирінде чемпиондық жекпе-жегін сақтандыратын файтерді ресми түрде тағайындады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің мейн-ивентінде «Қырғыз феномені» Муртазали Магомедов (7-0) өзбекстандық әріптесі Сардор Худойбердиевке (7-2) қарсы жекпе-жекте жеңіл салмақтағы бос чемпиондық титулды сарапқа салады. Жекпе-жекке файтерлердің бірі қатыса алмаған жағдайда «Тайсон» лақап атымен танылған Арген Әбдіқадыров (8-1) шығады.
Бұған дейін Әбдіқадыров титулдық бәсекеде болған, бірақ белбеу үшін шешуші жекпе-жекте өзбекстандық Мухаммаджон Курбановтан (11-4) мерзімінен бұрын жеңіліп қалған еді.
Турнирдің басты жекпе-жектерінің бірінде өзбекстандық нокаутшы Шохасан Мирзаматов (12-3) қазақстандық тәжірибелі файтер Махир Мамедовпен (19-3) кездеседі.
OCTAGON 59 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink