русский язык
Бокс

Странджа кубогы-2024: Алты боксшымыз ширек финалға өтті

Кіші әлем чемпионаты саналатын Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Странджа кубогында алты боксшымыз ширек финалға шықты.

Атап айтсақ, Санжар Тәшкенбай 51 келіге дейінгі салмақта қырғызстандық Бекзат Ергешевті 5:0 есебімен жеңді. Оның ендігі қарсыласы – моңғолиялық Ган-Ердене Ганху болмақ.

57 келі салмақта Оразбек Асылқұлов алғашқы кездесуінде украиналық Владислав Стасядан басым түссе, 63,5 келіде ел намысын қорғаған Ерасыл Таңқай румыниялық боксшы Красимиру Джуровты жарыс жолынан тайдырды.

75 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Райыс қырғыз боксшысы - Даниэль Абдурахмановты 5:0 есебімен ұтты. Енді ол 9 ақпанда өзбек Фазлиддин Эркинбоевпен жұдырықтасады.

Кәсіпқой бокста да бақ сынап жүрген Тұрсынбай Құлахмет өзбек боксшысы Алохон Абдуллаевтан 4:0 есебімен басым түсті. Ширек финалда ол украиналық Матвий Ражбамен шаршы алаңға шығады.

80 келі салмақта Тұрсынбай Құлахмет өзбек боксшысы Алохон Абдуллаевтан 4:0 есебімен айласын асырды. Ширек финалда ол украиналық Матвий Ражбамен кім мықтыны анықтайды. Айта кетсек, Тұрсынбай Құлахмет - кәсіпқой бокста да бақ сынап жүрген боксшыларымыздың бірі.

Ал 86 келі салмақта сынға түсіп жатқан Абзал Құттыбеков қытайлық Хан Сюдженьді 4:1 есебімен жеңді. Өкінішке қарай, 71 келіге дейінгі салмақта Талғат Шәйкен ширек финалға шыға алмады. Ол грузин боксшысы Эскерхан Мадиевпен болған жекпе-жекте 3:2 есебімен қарсыласына жол берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;